Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы тәртіпсіздік...

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны қалай өтеледі?

1 600 кәсіпкерлік субъекті зардап шекті. Оның 96%-ы шағын және орта бизнес өкілдері.

Оның айтуынша, зардап шеккен шағын және орта бизнеске өтемақы төлеу механизмі әзірленген. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың қатысуымен арнайы комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына депутаттар мен қоғамдық бірлестіктер, «Атамекен» ҰКП-ның қызметкерлері кірді.

Бизнес субектілерінің өтініші электронды түрде Infokazakhstan.kz сайтында қабылданады. Онда жеке кәсіпкер мен заңды тұлғалар өздерінің кәсіпкер екенін растайтын және келтірілген шығынның фото, видеосын көрсетеді. Содан соң оны өңірлік және қор комиссиясы 5 күн ішінде қарайды. Қазір Алматыда әкімінің тапсырмасымен құрылған өңірлік комиссия жаппай тәртіпсіздіктен қалаға келтірілген шығынды әлі есептеп жатыр. Бүгінгі күні алдын ала болжам бойынша жалпы шығын 95 миллиард теңгеден асты. Оның ішінде 54 әкімшілік нысан зақымданған. Құқыққорғау және коммуналдық қызметтің 260 көлігі, одан бөлек жеке тұлғалардың 150 автокөлігі өртенген, яғни 2 миллиард теңгеден астам шығын келді,- дейді Ілияс Өсеров.

Спикердің сөзінше, қалада 1 600-ге жуық бизнес субектісі зардап шекті. Оған келтірілген шығын 66,5 миллиард теңге көлемінде. Оның 96%-ы шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі.

Бұдан бөлек, Алматы әкімдігі қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын әзірлеп жатыр.