Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram парақшасында мәлімдеді.
Қазақстанның түрлі облыстарының 39, 37 және 33 жастағы үш тұрғыны жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан киім-кешек дүкенін тонаған,- деді Рустам Абдрахманов.
Оның айтуынша, қылмыс болған сәтті куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Кадрда қарақшылардың бірі ұрланған заттарды көліктің жүксалғышына салып жатқанын
көруге болады.
Олар ұрланған киімдерді мөлшері мен маусымына қарай сұрыптап қойған. Олардың басқа да қылмыстарға қатысқаны анықталды, ол үшін де жаза қолданылады, — деді Алматы ПД бастығының орынбасары.