Елімізде салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдарымен басталған және ұйымдастырылатын салық және кеден тексерулері, сонымен бірге тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік және басқа құжаттар мен мәліметтерді тексерулер уақытша тоқтатылды

Осылайша, 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдарымен басталған барлық тексеру тоқтатылады. Сонымен бірге аталған мерзімге дейін мемлекеттік кірістер органдарымен құқық қорғау органдарымен, өз қызметтеріне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда жаңа тексерулерді тағайындалмайды.

Сонымен бірге 1 ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары камералды бақылау жүргізуді, сонымен бірге оның нәтижелері бойынша камералды бақылау бойынша хабарламалар мен салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды қалыптастыруды уақытша тоқтатты.