Басты бетҚоғамҚазақстанда эпидемиология...

Қазақстанда эпидемиология ахуалы нашарлады. Локдаун енгізіле ме?

Бүгінде ел бойынша локдаун жариялау қарастырылып та, жоспарланып та жатқан жоқ. Себебі барлық шектеу шарасы денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктемені азайту үшін және коронавирустан болатын өлім-жітім санын азайту үшін қабылданған. Алдағы күндері шектеу шаралары әр өңірдегі эпидемиология жағдайына байланысты саралау түрінде қабылданады, — деді Ажар Ғиният.

Еске салайық, Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын 9 698 адам жұқтырды. Бұл бір күн бұрынғыдан 1 826-ға аз.

Эпидемиология ахуалын бағалау матрицасы бойынша Түркістан облысынан («сары» аймақта) өзге өңірлер «қызыл» аймақта.