Басты бетҚоғамЭльвира Әзімова:...

Эльвира Әзімова: Негізгі міндет — террористер мен бейбіт митингіге қатысушыларды нақты ажырату

Қаңтар айының басында елімізде болған қайғылы оқиғалар Қазақстан мен әлемдік қауымдыстықты дүр сілкіндірді. Лаңкестердің құрбаны әскери қызметшілер мен полиция қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге бейбіт тұрғындар болды. Осыған байланысты өз атымнан, ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ал зардап шеккен азаматтар тез сауығып кетсін, — деді Эльвира Әзімова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Спикер болған оқиға әрқайсымызға сабақ болуы керегін айтты.

Елдегі тыныштық пен бейбітшілік, тәртіп пен заңдылық, заң шығарушы және атқарушы билікке ғана емес, Қазақстанның әрбір азаматына да байланысты. Бұл — біздің азаматтық жауапкершілігіміз. Сонымен бірге ҚР президенті ұсталған азаматтарға нақты айтты, ауыр қылмыс жасаған адамдар заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады. Ал басқалардың кінәсін Бас прокуратура анықтап, тексеріп, ауырлататын мән-жайларды ескеріп, жазаны жеңілдету жөніндегі шаралар қабылдайды. Кінәсіз адамдар, әрине, босатылады, — деді Эльвира Әзімова.

Оның айтуынша, негізгі міндет — террористер мен тонаушыларды және бейбіт митингіге қатысушыларды нақты ажырату.

Өкінішке қарай, біз уақытша ұстау изоляторларына барғанда кейбір азаматтармен сұхбаттастық. Сол сұхбатта «Біз өз азаматтық жауапкершілігімізді соңына дейін сезбедік», «Біз Қазақстан халқынан кешірім сұрауға дайынбыз» деген сөздер айтылды. Мысалы, Алматыда тергеу изоляторына барғанда азаматтардың көпшілігі қарапайым адамдар екені, көбісі ұрлық үшін ұсталғаны анықталды. Сол үшін оларға нақты назар аудару керек. Бұл Бас прокуратура мен жергілікті территориялардың міндеттемесі. Бұл күндері біз азаматтық қоғам өкілдерімен бірге ұсталғандар орналасқан мекемелерге баруды жалғастырып жатырмыз. Бірнеше күн ішінде біз 11 өңірде осындай 34 мекемеге бардық. Мұндай превентивті баруды жалғастырамыз. Себебі бізге де ол керек. Сондықтан прокуратура қатігездік туралы барлық сигналды тексеріп, оларға құқықтық баға беруі керек және берілген нәтижесін жариялауы керек. Бұл — жұмысты формалды түрде жүргізбеу керек, — деді Эльвира Әзімова.

 

ДереккөзInform.kz