Серік Сүлейменов президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Серік Сүлейменов 2020 жылдың сәуірінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалған болатын.

Серік Сүлейменов 1966 жылы дүниеге келген. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін «Математика» және «Заң» мамандықтары бойынша бітірген. Түрлі жылдары президент әкімшілігінде, премьер-министрдің канцеляриясында қызмет еткен.