Баспасөз мәліметінше, акция сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық 2021 жылы 10 желтоқсанда өткен. Белсенді өтінімдер көлемі 85 000 қарапайым акция болды. Ал берілген өтінімдер бойынша орташа баға 788 858,82 теңге болды.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның қарапайым акцияларының 85% Kazakhstan Petrochemical ЖШС сатып алған, 15%-ы бұрынғы иесі Бахаридин Аблазимовта қалған. Осылайша Joint Resources АҚ (100% Тимур Құлыбаевқа тиесілі), Дінмұхамед Ыдырысов және Ержан Достыбаев өз акцияларын сатты, — делінген хабарламада.
- Айта кетейік, «ҚазАзот» — аммиак пен аммиак селитрасын өндіруші әрі экспорттаушы. Кәсіпорын Маңғыстау облысында орналасқан.