ForteBank АҚ жаңа Басқарма Төрағасы Рейнис Рубенистің алғашқы бастамаларының бірі «Қазақстан халқына» қоры үшін заңды тұлғаларға арналған шот ашу болды. Қор 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасының аясында құрылған болатын.
«Соңғы аптада бәріміз елдегі қайғылы оқиғалардың куәсі болдық. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, ал жарақаттанғандарға тезірек сауығып кетуді тілеймін. Бүгін ForteBank жақында болған қайғылы жағдай салдарынан елді қайта қалпына келтіру үшін құрылған «Қазақстан Халқына» қоры үшін шоттар ашты. Қазақстан халқына күш-қуат, сабыр және жарқын болашаққа сенім тілеймін. Біріге отырып біз бұл қасіреттен өтіп, сеніммен кемел болашаққа қадам басамыз», — деді Рейнис Рубенис.
Мемлекет басшысы ірі бизнес өкілдерін бастамаға үлес қосуға шақырғандықтан ForteBank қор үшін заңды тұлғаларға арналған шот ашу туралы шешімді алғашқылардың бірі болып қабылдады. Қор қаражаты Қазақстан халқына әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалады.
Реквизиттер:
«Қазақстан халқына» ҚҚ
БСН 220140006999
ЖСКKZ0896503F0010863168 в АО ForteBank
БСК IRTYKZKA
КБе 18
Байланыс үшін: баспасөз қызметі, тел.: +7 (7172) 59 99 99 (ішкі 10868, 10975)