Қаланың көше-жол желісін бақылау барысында 1 050 шаршы метр жол жабынының бұзылғаны, 410 метр жиектер құлатылғаны, 98 металл тор бұзылғаны анықталды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жаяу жүргінші жолдарының 2 025 шаршы метр кеспекшесі алынған. Қазір жаяу жол жабыны қалпына келтірілді, — деді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, Алматыда 46 бағдаршам мен 121 жол белгісі зақымдалған. Бүгінде олар толығымен қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, автобус павильондарын қалпына келтіріліп жатыр. 43 автобус павильоны бүлінген, оның 23-і толық қалпына келтірілді. Қалған 20 павильонды қаңтар айының соңына дейін жөндеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар жеке инвесторлардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
«АлматыБайк» -тың 220 велосипеді мен 21 велобекеті бұзылған. 170 велосипед ұрланған. Қазіргі уақытта IT-жүйесін қалпына келтіру және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Халыққа арналған сервисті жаңарту 20 қаңтарға дейін жоспарланған, — деді Ғани Мырзаханов.
Ол зақымдалған велосипедтерді жөндеу және ұрланған велосипедтерді қалпына келтіру үшін қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. Ақылы автотұрақтардың қызметі төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін тоқтатылған.
Бұдан бөлек, қалада 24 паркомат бүлінген. Бүгінгі күні аталған паркоматтарды жөнделіп жатыр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қаңтар айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қалалық мобильділік басқармасының басшысы сонымен бірге жол айырықтарында, өтпелерде және метрода құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталғанын хабарлады.