20 қаңтар: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, Қара теңіз аудандарынан келетін Батыс антициклоны Қазақстан аумағындағы ауа райына әсер етеді. Антициклон әсерінен елдің солтүстігінде күн суытып, жауын-шашын тоқтайды.

Қазақстанның батысына қарай Мурманск аудандарынан келетін Циклон ауа райына әсер етеді. Жаңбыр мен қар жауып, екпінді жел соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Осылайша солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде термометр бағандары түнде 10-25 градус аязға, батыста 5-15 градус аязға, оңтүстікте 0-15 градус аязға дейін төмендейді деп болжанған, — делінген хабарламада.