Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша антирекорд тағы жаңарды

Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда, 1 142 дерекке, ал 13 қаңтарға қарағанда, 3 043-ке көп. Осылайша, Қазақстанда пандемия кезіндегі коронавирусты бір тәулікте жұқтыру бойынша антирекорд жаңарды.

Өңірлерде бір күнде тіркелген коронавирус дерегі:

Нұр-Сұлтанда —  5 826;
Алматыда — 1 798;
Шымкентте – 435;
Ақмола облысында – 347;
Ақтөбе облысында — 229;
Алматы облысында — 418;
Атырау облысында — 598;
Шығыс Қазақстан облысында — 217;
Жамбыл облысында — 234;
Батыс Қазақстан облысында — 345;
Қарағанды облысында — 1 793;
Қостанай облысында — 179;
Қызылорда облысында — 343;
Маңғыстау облысында — 232;
Павлодар облысында — 320;
Солтүстік Қазақстан облысында — 78;
Түркістан облысында — 131.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 049 908-ге жетті, оның 970 783-і жазылып шықты.