Басты бетҚоғамБұрынғы энергетика...

Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

Ведомствоның хабарына қарағанда, Жұмабай Қарағаевқа және бірнеше лауазымды тұлғаға Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтерді деген айып тағылған.

Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрон сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады, — делінген агенттік таратқан хабарламада.

Жұмабай Қарағаев сот қаулысымен екі ай мерзімге тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған күзетпен ұсталады.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Жұмабай Қарағаевтың қызметінен босатылғаны хабарланған еді.