Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі алынады

«Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №738 жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын, — делінген құжатта.

Еске салайық, Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдай террористік қауіпке байланысты тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін енгізілген еді.

Президент бұған дейін Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы және Шымкенттегі төтенше жағдай режимін алып тастады.