Алматыда антитеррористік операция кезінде 2 402 адам ұсталды

Террорға қарсы операция басталғаннан бері лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 402 қатысушысы ұсталды. 79 атыс қаруы мен 3 976 оқ-дәрі тәркіленді, — делінген Алматы комендатурасының мәліметінде.

Кеше, 14 қаңтарда «102» пультіне 586 хабарлама түскен. Комендатураның саll-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 93 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама өңделген.