Марат Сұлтанғазиев бірінші қаржы вице-министрі болды

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғалиев бұған дейін атқарған қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының бірінші қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

 Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған.

1998-2001 жылдары Алматы бойынша салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.

2001-2010 жылдары Алматы бойынша салық комитетінде жұмысын жалғастырған, Алматы салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

2010-2012 жылдары Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.

2012-2014 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі, 2014-2017 жылдары Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы,  2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін ҚР президенті әкімшілігінің Әлеуметтік–экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылғы қазаннан бастап 2021 жылғы мамырға дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін қаржы вице-министрі қызметін атқарды.