Ақмола мен Қостанай облыстарында төтенше жағдай аяқталды

Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №737, №743 жарлығымен енгізілген Ақмола облысының және Қостанай облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын, — делінген құжатта.

Еске салайық, Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдай террористік қауіпке байланысты тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін енгізілген еді.