Президент Бас прокуратураға: Жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады. Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн, — деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.