Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сонымен бірге мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм), — делінген жарлықта.
Сәндібек Қайыров Алматыдағы бүлік кезінде қайтыс болған. Көзі тірі болса, биыл 11 мамырда 40 жасқа толар еді.
Марқұмның артында жұбайы, ұлы Әбілқайыр және қызы Сабина қалды.