Тараздағы тәртіпсіздік кезінде Ресей азаматы қайтыс болған

Ресейдің Алматыдағы бас консулдығына Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласында (Жамбыл облысы) биыл 6 қаңтарда болған бүлік кезінде қарақшылар қолынан Ресей азаматы, 1995 жылы туған үш баланың анасы М.В.Кимнің қаза болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы марқұмның анасымен, оның туыстарымен байланысты. Облыс басшылығына жағдайды бақылауға алу және марқұмның отбасына көмек беру туралы өтініш жолданды. Бас консулдық М.В.Кимнің отбасына материалдық көмек беру мәселесін пысықтап жатыр, — делінген хабарламада.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Қазақстанның құқық қорғау органдарына бұл қылмысты мұқият және жан-жақты тергеу қажеттігі туралы сұрау жібергенін хабарлады.

Қылмыскерлердің кім екені анықталады және олар заң бойынша қатаң жазаланады деп сенеміз, — делінген хабарламада.

Ресейдің елшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады және оларға осы қиын уақытта күш-жігер мен шыдамдылық тілейді.