Басты бетҚоғамШымкентте және тағы үш өңірде төтенше жағдай бітеді

Шымкентте және тағы үш өңірде төтенше жағдай бітеді

Шымкентте, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және тҮркістан облыстарында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №734 №739 №741 №742 жарлықтарымен енгізілген төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын, — делінген құжатта.

Төтенше жағдай Қазақстанның барлық өңірінде террористік қауіпке байланысты тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін енгізілген еді.

13 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай аяқталды.