Halyk bank жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккендерге 3 миллиард теңге бөледі

Halyk bank зардап шеккендерге көмектесу үшін 3 миллиард теңге бөледі. Бұл қаражат шағын және микро бизнес секторындағы зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек ретінде, сонымен бірге қираған нысандарды тез арада қалпына келтіру және шұғыл шешімді талап ететін басқа да міндеттерге жұмсалады.

Бұған дейін Halyk bank басшысы Үміт Шаяхметова Atameken Business телеарнасына берген сұхбатында террористік шабуыл және жаппай тәртіпсіздіктің жойқын салдарын жеңуге көмектесуге дайын екенін айтқан еді.

Менің ойымша, қазіргі жағдайда күшіміз бірлікте. Кез келген қиындық, кез келген жауға қарсы тұруымыз керек. Мен өз елімді өте жақсы көремін және әрбіріміз қолымыздан келгенше көмек беріп, жақсылықтың жаршысы болуымыз қажет. Осы қиын-қыстау күндерде барлығы басты құндылығымыз адам өмірі мен денсаулығы екенін және бейбіт өмірдің маңызын сезіндік. Сондықтан баршаңызға мен әрдайым бейбітшілік, денсаулық, тыныштық және жақсылық тілеймін, — деді Үміт Шаяхметова.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз