4 қаңтардан бастап 22 адам ресми түрде хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Олар туралы полицияға ресми түрде хабарланды. Оның ішінде 15 адам табылды. Қалған 7 адамның қайда екені анықталып жатыр, — деп хабарлады полиция.
Барлық жағдай бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция жоғалған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша аудандық полиция басқармасына немесе жоғалған адамды соңғы рет көрген ауданға хабарлауға кеңес берді.
Айта кетері, қалада қазірге дейін лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 159 адам ұсталды.