Басты бетЖаңалықтарБас мемлекеттік...

Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы жарияланды

Қаулыға сәйкес бірқатар нысанда Ashyq жобасы жүзеге асырылатыны белгілі болды.

Бұл қатарда йога орталықтары, фитнес-клубтары, спа-орталықтары, монша, сауна, бассейндер, PlayStation клубтарын есептегенде, компьютер, боулинг клубтары, кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар, көше тағамдары, қоғамдық тамақтану нысандары, жазғы алаңдар, банкет залдары, асхана үлгісіндегі қоғамдық тамақтану нысандары, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар, бильярд клубтары, концерт залдары, караоке, көрмелер, океанариум, марафондар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар, әуежайлар, лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар бар.

Ashyq жобасы балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары, цирктер, қонақ үйлер, сауда желілері, сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын (азық-түлік) сауда желілері, балаларды сауықтыру орталықтар, букмекер кеңселері, сұлулық орталықтары мен салондар, шаштараздар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, теміржол вокзалдары және автовокзалдар, базарлар (жабық), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін салондары, білім беру ұйымдары, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары, білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұратын жатақханалар мен интернаттар, діни нысандар, ойын клубтары, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, түнгі клубтар, банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде жүзеге асырылсын, — делінген хабарламада.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП құзыретіне сәйкес жұмыс және демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмыс режимі бекітілді.

«Қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 02.00-ге дейін, «сары» аймақта орналасқан өңірлерде сағат 01.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 03.00-ге дейін, «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде сағат 03.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 05.00-ге дейін белгіленсін, — делінген қаулыда.

Демалыс күндері қызметкерлер мен қонақтарда қауіпсіз «жасыл» статусы болса, (вакцина, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, КВИ-ге қарсы вакцина алған тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе кейінгі 3 ай ішінде КВИ-мен ауырып жазылған адамдар болса) нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Сонымен қатар, «жасыл» статусы болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автокөлік және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автокөлік жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету бекеттеріне, білім беру нысандарына, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайтыны айтылды.