Басты бет Басты Универсиада-2017 салтанатты ашылу рәсімі өтті (фото)

Универсиада-2017 салтанатты ашылу рәсімі өтті (фото)

"Алматы Арена" мұз айдынында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен XXVIII Халықаралық қысқы Универсиадасының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шарада мәдени-ойын-сауық бөлімдері бар. Шара 2 сағат 40 минутқа жоспарланған.

 

Универсиада-2017 Алматы12 мың орындық «Алматы Арена» мұз сарайының орталығы өмірдің, даналықтың және махаббаттың символы іспетті жапырақтармен көмкерілген.

Ашылу барысында 57 елден келген спортшылардың делегациясы жүріп өтті. Қазақстандық құраманың туын шаңғышы Дәулет Рахымбаев ұстап шықты.

 

Жалпы шараға 1,5 әртіс қатысты: олардың ішінде опера және эстрада әншілері, цирк гимнасттары, спорт мектептерінің мәнерлеп сырғанаушылары, би ұжымдары, Алматы театрларының актерлері және басқалар.

Айта кетейік, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов басқарады.

©zakon.kz
©zakon.kz
©zakon.kz
©zakon.kz
©zakon.kz
©zakon.kz

Қысқы Универсиада-2017-нің бойтұмары болып жылдамдық пен көкке асқақтауды, жеңілдікті, қуатты және жеңіске құштарлықты – нағыз жас спортшыларға тән қасиеттерді бейнелейтін қазақ даласының ежелгі ерікті және қайратты мекендеушісі жас Сұңқар таңдалды.

©almaty2017.com

Универсиаданың марапат медальдары классикалық стильде алтын, күміс және қолаға ұқсайтын металл қорытпасынан жасалған. Ол қазақстан Теңге сарайында шеку тәсілімен, түрлі-түсті эмаль қолданып дайындалған. Муар лентасына Универсиаданың логотипі қондырылған. Медальдің бет жағында FISU-дің (Халықаралық студенттік спорт федерациясы) логотипі Ойындардың атауы және өтетін орны бейнеленген. Сырт жағында – Универсиаданың логотипі.

©almaty2017.com

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version