Басты бетҚоғамӘлия Назарбаева:...

Әлия Назарбаева: Әкеме моральдық қолдау білдіріп жатқандарыңызға алғыс айтамын

Әлия Назарбаева елдегі қайғылы оқиғалар жүрегіне батқанын жазған.

Қаза болғандар мен зардап шеккендерге қалай қайғырып отырғанымызды жеткізер сөз жоқ. Қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл ауыр сабақ бәріміз үшін тарихымыздағы соңғы оқиға болсын. Бейбіт заманда адамдар өлгені дұрыс емес. Мені қолдап жатқандарыңызға рақмет және қазіргі уақытта әкеме моральдық қолдау білдіріп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Осы күндері әр өңір тұрғынынан көп хабарлама келіп жатыр. Қазақстанға тек бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін. Аман болыңыздар, — деп жазды ол.