Басты бет Басты Доллар бағамы 356 теңгеге жетті

Доллар бағамы 356 теңгеге жетті

2016 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 355,52 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, дүйсенбі күнгі таңертеңгі сауда кезінде доллардың минималды курсы — 354,60 теңге, максималды курс –356,35 теңге. Сессия жабылу кезінде курс 356,30 теңге болды.

Таңертеңгі сессияда сауда көлемі 50 млн 400 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 69.

Алматы қаласының айырбастау бөлімшелерінде доллар 356-357 теңгеден сатылуда.

1 пікір

  1. Доллар көтерілгенімен бізге ешқандай зияны жоқ қой. Біз тауарды теңгемен алмаймыз ба? неге халық шулап жүр.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version