Басты бетҚоғамСтратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

Стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.

Жаслан Мәдиев бұл қызметті 2020 жылғы қазан айынан бері атқарып келеді. Бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі болған, «Қазақстан темір жолы» компаниясында қаржы жөніндегі вице-президент қызметін атқарған.