Сенат бюросының қаулысына және Сенат регламентінің 66-тармағына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті президент ұсынған Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босату туралы кандидатураны талқылап, қорытынды шығарды.
Конституциясының 55-бабының 1) тармақшасына және «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 34-бабының 3-тармағына сәйкес:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына басқа қызметке тағайындалуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қанат Сергеевич Мусинді қызметінен босату ұсынылады, — деді сенатор Владимир Волков Сенат отырысында.
Сенаторлар бұл шешімді қолдап дауыс берді.