Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі — бас мемлекеттік санитария дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылғы 12 қаңтардан бастап департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова жаңадан Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері айқындалғанға дейін Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері болып айқындалды, — делінген Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жариялаған хабарламада.
Қарлығаш Әбдіжаббароваға 2021 жылғы 5 қаңтардан бастап Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқару жүктелген еді.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Жандарбек Бекшин зейнетке шықты.