Басты бетҚоғамАлматыдағы тәртіпсіздік...

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде екі бала қалай қаза тапты?

Алматы полиция департаментінің ресми өкілінің сөзінше, тәртіпсіздік барысында екі бала қаза тапқан, тағы екеуі жансақтауда жатыр. Қайтыс болғандардың арасында 4 жасар қыз бен 12 жастағы бала бар.

Тәртіпсіздіктер кезінде ер адам үш баласымен үйден шыққан. Олар алаңмен өтуді ұйғарады. Салдарынан автокөлік оққа ұшты. Жараланған екі бала жансақтауға түсті, бірақ өкінішке қарай 4 жасар қыз қайтыс болды, — деп жауап берді Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz тілшісіне.

Екінші бала Өтеген батыр көшесінде оқ тиіп қаза тапқан.

5 қаңтарда түнгі сағат 11-де Алматы тұрғыны 12 жастағы ұлымен Өтеген батыр көшесіндегі үйден шығады. Олар жаппай тәртіпсіздіктер кезінде нан алуға барған. Өкінішке қарай, бұл жағдайда да балаға оқ тиді, — деді Салтанат Әзірбек.

Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы балалардың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Салтанат Әзірбек ата-аналарға қалада жағдай тұрақсыз уақытта балаларын мұқият қадағалауға кеңес берді.

ДереккөзTengrinews.kz