Басты бетҚоғам"Сөз беремін"....

«Сөз беремін». Президент қаза тапқандардың отбасы назардан тыс қалмайтынын айтты

Ақаорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, мемлекет басшысы қайғыра көңіл айтып, отбасы мүшелерімен әңгімелесті. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау жасалатынын айтты.

Фото: Akorda.kz

Олар халқымыздың қауіпсіздігі үшін, еліміздің болашағы үшін өз жанын құрбан еткен нағыз батырлар. Біз олардың ерлігіне тәнтіміз, ешқашан ұмытпаймыз. Олар халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Отбасыларыңыз назардан тыс қалмайтынына сөз беремін. Баспана болсын, балалардың оқуы болсын барлық мәселеге әрқашанда көмек береміз, — деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік міндетін орындау кезінде көрсеткен батырлығы мен жанкештілігі, мемлекет мүддесін қорғау барысында көрсеткен ерліктері үшін біріне жар, біріне әке болған марқұмдарға берілген наградаларды туған-туыстарына табыс етті.

Фото: Akorda.kz

Атап айтқанда, ҰҚК Шекара қызметі академиясының кафедра бастығы Андрей Кабдиновтің жары мен ұлына II дәрежелі «Айбын» ордені, Алматының Алмалы ауданы полиция басқармасының полиция-жүргізушісі Әлен Асылхановтың жарына, сонымен бірге Алматының Алмалы ауданы полиция басқармасының полиция-жүргізушісі Ринат Камбетовтің жарына III дәрежелі «Айбын» ордені берілді.

Содырлар қолынан қаза тапқан марқұмдардың туыстары бұдан былай біздің елімізде дәл осындай қайғылы оқиғаның болмайтынына сенім білдірді.

Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz