ҰҚК: Бандиттер Көктөбе телемұнарасынан талаптарын айтпақ болған

ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен және әскери құрылымдармен бірлесе отырып, Алматы қаласының Әкімшілігі мен стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғауға тікелей қатысты.

Митинг кезінде қылмыскерлер «Көктөбе» теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты, осылайша бандиттер ақпараттық басымдыққа ие болып, өз талаптарын қоюды көздеген еді, алайда шекарашылар шабуылға тойтарыс берді.

Сонымен қатар шекарашылар «Медеу» селден қорғау бөгетінің периметрін де бақылауға алды.

Контртеррористік операцияның белсенді кезеңінде департаменттің әскери қызметшілері ҰҚК ШҚ арнайы бөлімшесімен бірге қылмыскерлерді, сонымен бірге заңсыз жолмен шетел асып жасырынуға тырысқан адамдарды анықтау және ұстау жұмыстарын жүзеге асырды.

Шекара әскерлерінің бөлімшелері қазіргі кезде де нысандарда жауынгерлік кезекшілікті атқарып жатыр.