Мемлекет басшысының жарлығымен Анар Жайылғанова Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Жазықбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Мұның алдына президент үкіметтің жаңа құрамын бекітті.