Басты бетЖаңалықтарШымкент құтқарушылары бегемотқа көмек көрсетті

Шымкент құтқарушылары бегемотқа көмек көрсетті

Оның төменгі азу тістері өсіп кеткендіктен, тамақтануы қиындай түскен.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зообақ басшылығының рұқсатымен альпинист құрал-жабдықтарының көмегімен жануардың жақ сүйегін керіп, гидравлика кескішті қолдана отырып, кедергі келтірген тістерді кесіп тастады. Енді салмағы 3,5 тоннадан асатын гипоппотам ұзақ емдеу курсынан өтеді,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, хайуанаттар бағының басшылығы 2019 жылы да құтқарушыларға осындай өтініш жасаған болатын. Ол кезде Тұрсын лақап атымен танымал гиппопотамның азу тістері өсіп тұмсығына кіріп кеткен болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да