Олардан түрлі сауда үйлерінен ұрланған заттай айғақтар табылған.
Ұсталғандар бұл заттарды тонау жолымен алғанын мойындады. Сонымен қатар олардан әскери қызметшілерге тиесілі шу гранаталары, бас киімдер, оқ өтпейтін киім мен қалқандары тәркіленді,- делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 272 бабы – жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оған қатысу және қылмыстық кодекстің 188 бабы – бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.