Қазіргі уақытта Алматыда ашылған банк бөлімшелерінің мекенжайы:
— Розыбакиев көшесі, 101 үй (жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі)
— Гагарин көшесі, 135/8 үй (жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі)
— Гагарин көшесі, 135/8 үй (заңды тұлғаларға қызмет көрсетіледі)
Ашылған бөлімшелердің барлығы бүгін сағат 16:30-ға дейін жұмыс істейді.
Бөлімшеге жүгіну арқылы заңды және жеке тұлғалар үшін банк барлық қызмет түрін ұсынады.
Алдын ала мәліметтер бойынша ертең Алматыда Halyk Bank-тің 26 бөлімшесі жұмыс істей бастайды. Жұмыс кестесі 09.00-ден 17.00-ге дейін.
Сонымен қатар бүгін Halyk Bank-тің Алматы банкоматтарында қолма-қол ақшаны қамтамасыз ету бойынша жұмысын тұрақтандыру басталды.
Өзекті ақпаратты Halyk Bank-тің ресми сайты Halykbank.kz арқылы алуға болады.