Turkish Airlines әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта бастайды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

14 қаңтардан бастап Ақтауға, 15 қаңтардан Түркістанға рейсерді қайта ашу жоспарланды. «Turkish Airlines» әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады. Сонымен қатар компания Алматыға рейстерді қайта қалпына келтіру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

Рейстер санитарлық- эпидемиология талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.