«Нағыз бейберекет». Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы кеден шекарасы туралы

Мемлекет басшысы Бас прокуратураға Қаржы министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, кешенді тексеру жүргізуді және кедендік шекарада тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.

Бюджет кірісін арттырудың айтарлықтай әлеуеті кеденде тәртіп орнатуда, әсіресе, Қытаймен шекарада. Ол жақта болып жатқан нағыз бейберекет баршаға белгілі. Көліктер тексерілмейді, салықтар мен алымдар төленбейді. Қытаймен айна-қатесіз статистикасы дерегінің айырмашылығы миллиардтаған долларға жетеді. Қол тигізбейтін мәртебесіне ие кейбір уәкілетті оператор бар. Ел ондаған миллиард теңге салықтан айырылып жатыр. Бұл нәтиже бермейді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.