Жаңа бейнебаян — конькимен жүгірушілер, хоккейшілер, трамплиннен секірушілер, мәнерлеп сырғанаушылар секілді 4 спорт түріндегі қазақстандық спортшылардың күнделікті өмірін көрсетуге арналған әлеуметтік-мотивациялық туынды.
Сондай-ақ бейнебаянға жас мәнерлеп сырғанаушы Гүлжан Жұмаділова да түсті. «Біз спортшылар жеңіске жету үшін қаншама күш салатынын көрсеткіміз келді, — дейді Әли Оқаповтың директоры Ерлан Әлімов.
Таяу күндері клип «Гәкку», «Хит ТВ», MuzLife, Muzzone, НТК, «31 арна», «Қазақстан», «Алматы», «Астана», «Хабар» секілді барлық үлкен арналарда көрсетіле бастайды.