Президент жастарды Отан алдындағы әскери борышын өтеуге ынталандыру жолын ойластыру қажет екен айтты.
Көптеген жас азаматымыз қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуден қашады. Әскери билетке ие болу жастардың мақтанашын тудырмайды және Отанға қызмет етудің белгісі саналмайтын болды. Әскер қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жүмыс істеу — айрықша миссия. Бұл Отан үшін жанын салуға бел буған азаматтардың саналы таңдауы. Жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыру керек екенін біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз қажет. Біз — мықты халықпыз. Төл тарихымызда қалай жаугершілік заманды, ашаршылық және басқа да алапат қиындықты бастан өткердік. Кейінгі күндердегі қайғылы оқиғалар біз үшін тағы бір сынақ болды. Оны еңсеріп, бұрынғыдан да мықты боламыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.