Қазақстан миллионерлері қаржысын қайда сақтайды?

Cалымшылардың әрқайсы арнайы шотқа 346 млн теңгеден жоғары сома салған. Тізімде Алматы мен Астана қаласы, Қызылорда, Атырау және Ақмола облысы көш бастап тұр.

Алматы акция басталғалы бері көш тізгінін бермей келеді. Соңғы деректер бойынша, Алматының екінші деңгейлі банктерінде  ашылған 6 242 шотта 3 трлн 158 млрд 88 млн теңге қаражат жатыр.

Тізімде екінші болып астаналықтар тұр. Бас қаланың екінші деңгейлі банктерінде ашылған 1 224 шотта 426 млрд 351 мың теңге жатыр. Тізімдегі әр адам 348 млн теңгеден салған болып шығады.

3-орында Қызылорда облысы тұр. Мұнда ашылған 222 шотта 7 млрд 589 млн теңге жатыр. Бұл аймақтағы орташа чек сомасы 341 млн теңгеге тең.

4-орынға Атырау облысы тұрақтаған. Мұнда ашылған 117 шотта 31 млрд 489 млн теңге жатыр. Осылайша акцияға қатысқандардың әрқайсы орта есеппен 269 млн теңгеден салған.

Үздік бестікті Ақмола облысы аяқтап тұр. Бұл аймақта акция басталғалы бері ашылған 155 шотта 31 млрд 347 млн теңге жатыр. Бір сөзбен айтқанда, 155 адамның әрқайсы депозитке 202 млн теңгеден салды деген сөз.

Айта кетейік, қаржы министрлігі акцияның негізгі қорытындысын осы қаңтарда шығармақ.

ДереккөзAbctv.kz