Jusan bank филиалдары мен бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіріп жатыр

Құрметті клиенттер!

Jusan bank Алматы, Жамбыл облыстарын және Алматыны қоспағанда, Қазақстанның барлық өңіріндегі филиалдары мен бөлімшелерінің жұмысын кезең кезеңімен қалпына келтіріп жатыр.

Филиалдар мен бөлімшелердің жұмыс кестесі әр өңірдегі жағдайға байланысты әртүрлі.

2022 жылғы 10 қаңтардан бастап іске қосылған филиалдар мен бөлімшелердің жұмыс кестесі:

  • Банктің операциялық күні, сонымен қатар ұлттық валютада кассалық есеп айырысу операцияларын жүргізу (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша)
  • сағ. 9:00-ден 17:00-ге дейін – жеке және заңды тұлғалар үшін

— кеңес беру режимінде:

  • сағ. 9:00-ден 18:00-ге дейін – жеке тұлғалар үшін;
  • сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін – заңды тұлғалар үшін.

Қазақстан биржа қорының жұмысының тоқтатылуына байланысты волютаны конвертациялау бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз.

Ойын-сауық орталықтарында орналасқан банк бөлімшелерінің жұмысы ОСО жұмыс режиміне сәйкес қолжетімді.

Банк филиалдары мен бөлімшелерiнiң жұмыс кестесі өзгеруі мүмкiн. Ақпарат қосымша нақтыланады, жаңалықтарды біздің сайттан және банктің әлеуметтік желілеріндегі ресми беттерінен білулеріңізге болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша банкомат желісінің негізгі бөлігінің жұмысы қалпына келтірілді. Банкоматтар қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілді және ақшалай қаражат беруде лимит қарастырылмаған, ал алыс аудандарда, сонымен қатар Алматы, Алматы облысы және Тараз қаласы сияқты «қызыл аймақтарда» банкоматтар желісінің жұмысы жағдайдың тұрақтануына сәйкес мүмкіндігінше қалпына келтіріледі.

Jusan және Jusan Business мобильді қосымшалары қолжетімді және тұрақты жұмыс істеп тұр.

Жұмыс режимі және өз өңіріңіздегі қызмет істеп тұрған бөлімшелердің мекенжайын, сондай-ақ басқа да сұрақтарға жауапты 7711 нөмірі бойынша Jusan bank байланыс орталығынан біле аласыз.

Бізбен бірге болыңыз,

сіздің Jusan!

* * *

07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензияны Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз