Алматы әуежайы қаладағы жағдай тұрақтанғаннан кейін қайта қызмет көрсете бастайды. Жалпы, әуе айлағы техникалық тұрғыда ашылуға дайын, — деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Алматы халықаралық әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жұмыс істемегендіктен, жолаушылар билеттерді интернетсіз Kaspi.kz қосымшасы арқылы және әуежайлардағы әуе компаниялардың кассаларынан сатып ала алады. 19 қаңтарға дейін тоқтатылған рейстер билеттерін айыппұлсыз қайтаруға немесе айырбастауға болады.