Басты бет Жаңалықтар Ислам Каримовке жасалған қастандық туралы кітап жарық көрді

Ислам Каримовке жасалған қастандық туралы кітап жарық көрді

Өзбекстанның тұңғыш президенті марқұм Ислам Каримовқа қастандық жасалғаны туралы кітап жарыққа шықты. «Суикасд» («Қастандық») деп аталатын романның авторы – Акбар Мирза. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

©Centralasian.org

Ташкентте Ислам Каримовтың туған күніне орай «Суикасд» кітабының таныстырылымы өтті.

Роман мазмұны 1999 жылғы ақпандағы нақты оқиғаларға негізделген. Ол кездері уахаббиттер Ташкентте террорлық акт дайындаған болатын. Президент Ислам Каримовке қастандық жасауды да жоспарлаған.

«Сюжет ауыр сынақтардан сүрінбей өткен ержүрек мемлекет басшысының образын көрсетеді. Автор қылмыстың егжей-тегжейі қалай ашылғанына кеңірек тоқталып, құқық қорғау органдарының жұмысын жүйелі жазған»-дейді Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі Хабиб Темиров.

Айта кетейік, теракт Ташкентте 1999 жылдың 16 ақпанында болды. Терроршылар негізгі үкіметтік объектілерге шабуыл жасауды көздеген.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version