Басты бетЖаңалықтарТоқаев террористік...

Тоқаев террористік шабуыл болғанын растайтын дәлелдерді әлемге көрсетуге уәде берді

Жақын арада, алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін әлемдік қауымдастық сотына елімізге қарсы террористік шабуыл дайындалғанын растайтын дәлелдерді ұсынамыз. Халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ, халықаралық гуманитарлық ұйымдар террористер, қылмыскерлердің заңсыз әрекетін толық тергеуге мүдделі екеніне сенімдімін, — деді Тоқаев.

Сонымен қатыр, Мемлекет басшысы ерте қорытынды жасамауды сұрады. Тоқаев әу бастан Қазақстан тарихындағы бұл қиын кезеңді жеңіп шығатынына сенгендерге алғыс білдірді.