Басты бетЖаңалықтарАлматыда тонаушылардың...

Алматыда тонаушылардың тағы бір тобы ұсталды

Байтұрсынов көшесіндегі үйлердің бірінің жалдамалы пәтерінде қаланың Алмалы ауданының полиция қызметкерлері сегіз ер адамды ұстады, олардың алтауы Жамбыл облысының, тағы екеуі Талдықорғанның тұрғыны. Олардың ең үлкені 25 жаста, кішісі 19-да,- делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жалға алынған тұрғын үйден күдіктілер қылмыстық жолмен алған қала дүкендерінен ұрланған тұрмыстық, цифрлық, оргтехника мен әскери құралдар табылды.

Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде, бұл ер адамдар тобы — осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда орын алған тәртіпсіздіктер мен тонауға белсенді қатысушылар екендігі анықталды. Күдіктілер қамауға алынды,- делінген хабарламада.