Басты бетЖаңалықтарАлександр Лукашенко...

Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты

Бауырлас Қазақстанда болған оқиға белорус халқын шошытты. Қарақшы құрамалардың сіздің елге ұйымдасқан түрде жасалған шабуылы көптеген адам шығыны мен қирауға әкеп соққан халықаралық терроризмнің әлемге төніп тұрған қорқынышты қаупін баршамызға тағы бір мәрте көрсетті. Экстремистердің диверсия мақсаты айқын – көпұлтты Қазақстанды тұрақсыздандыру, іріткі салу, конституцияға қарсы төңкеріс жасау және саяси бағытты өзгерту үшін елде ағайын соғысын бастау, — делінген жеделхатта.