Jusan bank айыппұлдар мен өсімпұлдарды тоқтатады

Jusan bank антитеррорлық операциялар мен әлеуметтік тәртіпті қалпына келтіру кезінде қаза тапқан арнайы қызмет және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қайғыра көңіл айтады.

«Қаза тапқан қызметкерлердің біздің банктегі кредиттері толығымен кешіріледі.

Төтенше жағдай режимінде, банк бөлімшелерінің және мобильді қосымшалардың қызметіндегі шектеу кезінде жеке және заңды тұлғалардың кредиттеріне қатысты төлемдер кешіктірілсе, Jusan bank өз клиенттері бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар уақытша тоқтатады.

Jusan bank-тiң барлық iшкi жүйелері ақаусыз жұмыс жасап жатыр, банк өз қызметін қалпына келтіруді жалғастыруда.

Қазіргі уақытта Jusan интернет банкингiнiң жұмысы іске қосылды — сервис қызметтері толық қолжетімді. Сонымен қатар Қазақстан бойынша банкоматтар жүйесі толықтай жұмыс істеп тұр».

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз