«Қылмыскерлерден тазартылды». Алматы комендатурасы қаладағы жағдай туралы

Орталықтың мәліметінше, қаланың бірнеше аумағы қылмыскерлерден тазартылды. Кей аудандарында тазарту жұмысы әлі жалғасып жатыр.

Сайын – Райымбек – Карьерная – Жандосов көшелерінің аумағы, Абай – Достық – Әл-Фараби – Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылды. Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 508 қатысушысы ұсталған, 22 бірлік атыс қаруы мен 1412 оқ-дәрі тәркіленген. Блок-бекеттерде 56 адам, 9 көлік ұсталған.

«102» басқару пультіне 1021 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Кол-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 525-і дабыл түсті. Барлық хабарлама өңделді, — деп жазды Алматы комендатурасының ақпараттық орталығы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Биыл үш облыс күнбағыс алқабын ұлғайтты

Биыл үш облыс күнбағыс алқабын ұлғайтты. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

Алматы орталығында уақытша суық су болмайды

Алматының Алмалы ауданында уақытша суық су болмайды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Елімізде демалыс күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елімізде 3-5 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Нұржамал Үсенбаева «Еліме тағзым» деген шығармашылық кешін өткізді

Қазақстанның және Татарстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева «Еліме тағзым» атты шығармашылық кешін өткізді.

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445-450 теңгеден саудаланып жатыр.

Go Viral фестивалі алғаш рет Астанада өтеді

Go Viral 2017 жылдан бері Орталық Азия елдерінде фестивальдер өткізіп келеді. Биыл алғаш рет 23-24 маусымда Астанада өтеді.