Басты бетЖаңалықтарБизнеске келтірілген...

Бизнеске келтірілген шығын көлемі 93,7 миллиард теңгеден асты

Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылдың 10 қаңтары сағат 09:00-дегі жағдай бойынша б изнеске келтірілген шығынға қатысты б айланыс орталығына 2774 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1406, форс-мажор – 39, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1324,- делінген хабарламада.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы таратқан мәліметке сәйкес, елдің 9 өңірінде 1488 нысанда орналасқан 1 319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматыда – 1399 объектіде орналасқан 1234 субъект.

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1245; қоғамдық тамақтану – 25; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2. Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 миллиард теңгеден асты (Алматыда 92,2 миллиард теңге),- делінген хабарламада.